30.07.2021, 10:06
Оқылды: 43

Тегін көкөніс таратты

«Қайырымды істер» марафоны жалғасуда. Өзі еңбек етіп отырған ауыл тұрғындарына көмек қолын созатын кәсіп иелерінің саны артып келеді. Сондай жандардың бірі Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылдық округінде іс жүргізіп отырған Юлия Кан. «Урожай» шаруа қожалығының жетекшісі округтегі аз қамтылған және көпбалалы 56 отбасыға көкөніс таратты.

FB_IMG_1627617390487

Ауылдасқа жанашырлық танытқан кәсіп иесінің мәрттігіне тұрғындар разы. Қашан да ауыл азаматтарын қолдауға дайын жүретін Юлия ханымның игі ісі әлі да жалғасын табады деген ойдамыз.

FB_IMG_1627617386350 (1)

 

-Юлия Кан мұқтаж адамның қажеттілігіне немқұрайлы қарай алмайтын жанашыар адам. Оның ісі көпке үлгі. Шын мұқтажды жарылқай білетін жақсы қасиетімен көпке сыйлы. Болашақта қайырымды істер легін басқа кәсіпкерлеріміз жалғайтынына сенімдіміз,- дейді Көшім ауылдық округі әкімінің орынбасары Исатай Мұғалбаев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале