6-7 наурыз аралығында Халықаралық әйелдер күніне орай Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Аруларға тегін такси» акциясы өткізілді.
Акция аясында 2 күнде 10-ға жуық автокөлік 300-ден астам нәзік жанды аруларымызды, аналарымызды, әжелерімізді тегін таксимен қамтамасыз етті. Сонымен қатар акцияға өзге де такси жүргізушілері өз еріктерімен қолдау көрсеткен. Жастардың бұл бастамасы нәзік жандылардың көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді.
Бекарыс Әбіш,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz