1.03.2024, 16:45
Оқылды: 5

«Тек биіктен көріне беріңіздер»

Казталов ауданы Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің әлеуметтік серіктесі «Бейназар» шаруа қожалығының жетекшісі Бейбіт Өтеғұлов аталмыш колледждің инженер-педагогикалық ұжымын 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесімен құттықтады.

20240228194137_IMG_5592

- Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің педагогикалық ұжымымен ұзақ жылдан бері әлеуметтік серіктес болып, үзбей еңбек етіп келеміз. Колледждің студенттері жыл сайын бізден машықтан (практикадан) өтеді. Сондықтан жергілікті жерден ауылшаруашылығы мамандарын дайындап жатқан колледж ұжымына Алғыс айту күні мерекесін пайдалана отырып, аудандағы кәсіпкерлер атынан шынайы алғысымды білдіремін. Ауылдық жерге аса қажетті мамандарды дайындауда еңбектеріңіз еленіп, тек биіктерден көріне беріңіздер. Коледж түлектері ауылдық жерді дамытуда қажырлы еңбек етіп, ел алғысына бөлене берсін. Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын! - дейді «Бейназар» шаруа қожалығының жетекшісі Бейбіт Кәрімұлы.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале