6.02.2022, 23:12
Оқылды: 31

"Тек күресуді емес, адам болуды үйретті"

Сырым ауданының Сарой ауылында Қазақ күресі және еркін күресінен КСРО спорт шеберіне үміткер, жоғары санатты жаттықтырушы Ереш Бисинғалиевтің 60 жас мерейтойына арналған самбо күресінен 2011-2013 жылғы жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті.

IMG_4461

Ардақты ұстаздың құрметіне арналған турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов ел ағасына аудан әкімі атынан құттықтауын жеткізіп, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының "Еңбек даңқы" төсбелгісін табыстап, иығына шапан жапты.

Одан бөлек, Сырым ауданының құрметті азаматы Есберген Әжібаев жерлес азаматтар атынан Е.Бисинғалиевке шапан жауып, құрмет көрсетсе, Ереш Шамишұлының қос ұстазы Серікбай Жүкиев пен Ерген Орынбасаров та кеш иесіне жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.

"Ұстазды алтын діңгекке теңер едім" деп ұлы педагог Ыбырай атамыз айтқандай, шәкірттері атынан Ғ.Нұрғалиев пен Н.Асабаев ұлттық рухты бойларына сіңіруде өзіндік үлесі бар Ереш ұстаздарын "Тек күресуді емес, адам болуды, тұлға болуды үйретті" деп мақтанышпен айтты. Шәкірттер атынан ұстаздарына шапан жауып, ат мінгізіп азаматтық танытты.

Аталмыш турнирде барлық ауылдық округтен 113 жас палуандар 9 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынасты.
Турнирге белгіленген жүлделі орындардан бөлек ауыл азаматтары да өз атынан демеушілік жасады.

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы


Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале