Ақсай қаласында «Қазақстан барысы» турнирінің аудандық кезеңі өтті. Палуандар белдесуінде 15 қатысушы бақ сынады.
Айта кету керек, «Қазақстан Барысы» турнирі биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр.
5 сағатқа созылған сайыс нәтижесінде ақсайлық Темірлан Көлбайдың бағы да, бабы да қатар келді. Финалда бөрлілік Қалимулла Серікті тізе бүктірген Темірлан «түйе палуан» атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz