20.07.2019, 17:18
Оқылды: 91

Теректі əкімі студент жастармен кездесті

Достық үйі алаңында аудан әкімі Әділ Жоламанов теректілік студент жастармен кездесті. Ашық аспан астында өткен жүздесуге аудан басшысынан бөлек аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімдігі аппаратының басшысы Арман Байғазиев, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдин, ауданның мекеме басшылары қатысты.

22-1-1

«Әлемге мейірім керек» деп аталған шараны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұрсәуле Аткеева жүргізіп отырды.

Еліміздің түкпір-түкпірінде білім алып жатырған жастар туған жерге сағыныштарын ерекше жеткізді. Бірі домбырамен ән шырқаса, бірі Теректіге деген махаббатын жыр жолдарына сыйғызған.

2-1

Еркін пікір алаңында сөз алған жастар өз идеяларымен бөлісті. Жастар жылы аясында қайтарымсыз гранттарды жеңіп алған ақсуаттық бір топ жас ауылда дене шынықтыру залын ашып, қала берді, тігінмен айналысуға икемі бар бұрымдылар аз қамтылған отбасылардың балаларына шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап отыр.

Жастардың дені мұқтаж жандарға көмек қолын ұсынуды өмірлік кредоға айналдырған. Бұл қуантарлық жайт. Әр ауылда тұрмысы төмен отбасыларға көмектесетін орталықтар болса екен дейді. Өзін емес, өзгені ойлайтын буынның өсіп келе жатырғаны жақсы, әрине. Сүйсінесің. Қуанасың.

222-1

Долин ауылының тумасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық университетінің студенті Әлия да, ұзынкөлдік жас, болашақ агроном Гүлназ да, Ресей Федерациясында білім алып жатқан  Алмас та, Шаған ауылдық округінің белсендісі Ерсұлтан да, С.Демирел атындағы университеттің студенті Гауһар да әлемге мейірімділік жетіспейді деген сыңайда пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында аудан көлемінде дебат ойындарының деңгейін жоғарылатуды қолға алып, ол үшін облыстық турнирлерді жоспарлы түрде өткізу керектігі айтылды.

Аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы жалынды жастардың ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдап, елімізді өркендетер жас буынның қаулап өсіп келе жатқандығына қуанатынын жеткізді.

Шара өз уақытынан бақандай үш сағатқа кешігіп басталса да, жастар жағы сол уақытты тиімді пайдаланды. Өзара танысып, түрлі тренингтер өткізіп, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Жаннұр Бекбауұлымен сұқбат жүргізді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Терект

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале