Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қатысуымен актив отырысы өтті. Аталмыш жиында саналы ғұмырын архив саласына арнаған Гүлсая Бисенғалиеваны зейнеткерлік жасымен құттықтап, гүл шоғын ұсынды.
Жоғары білімді Гүлсая Жәңгірқызы сонау 1981-1988 жылдары Ақжайық ауылындағы мектепте мұғалім болып қызметін бастаған. Содан бері түрлі салаларда қызмет жасап, 2008 жылдан бастап аудандық мұрағаттың директоры қызметін атқарып келді.
«Жиынға қатысушылардың алдында арамызда көп жылдар бойы еңбек еткен, аудандық мұрғатқа еңбегі сіңген Гүлсая Жәңгірқызын бүгінгі қуанышты сәтімен құттықтаймын. Аудан жұртшылығының және өзімнің атымнан сізді шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, басыңызға амандық тілеймін», - деген аудан әкімі Әлия Биғазықызы зейнеткерлік жасқа жеткен Гүлсая Жәңгірқызына сый-сияпат көрсетті.
Жиын барысында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Теректі ауданының мемлекеттік архивінің жаңа басшысы Сержан Жұматанұлы Семғалиевті таныстырды.
Т.Тоқмамбетов,
Теректі ауданы