14.06.2024, 17:45
Оқылды: 127

Теректі аудандық мәслихат төрағасы газет оқиды һәм жаздырады

Баспасөзге жазылу науқанының мәреге жетуіне тура он бір күн қалды. Шыны керек биыл тұрғындардың газетке деген көзқарасы көңіл көншітпей тұр. Былтырмен салыстырғанда қарапайым жергілікті «Теректі жаңалығы» газетіне жазылушылардың саны әлдеқайда аз. Осы орайда зиялы қауым мен бөлім, билік тізгінін ұстағандардың қолдауы ауадай қажет.

F4B4D697-5A34-4F02-A1D3-E5601AA4BE04

Әлбетте кез келген газет түріне күштеп, мәжбүрлеп жаздыруға болмайды. Әуелі сана өзгеруі қажет. Осы тұста бір мәселе туындайды. Газетке жазылғысы келсе де, қалтасы көтермейтін ағайын бар. Тұрғындардың ықыласын газетке бұруды, қариялар мен көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топтарға аудан айнасын жеткізуді аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев дәстүрге айналдырды. Бүгін ІІ жартыжылдыққа жазылу науқанына үн қосып, басылымға құштар 10 адамды газетке жаздырды. Әлжан Жақсыгерейұлы өз сөзінде:

– Біз телефоннан бас алмайтын ұрпақ өсіріп жатырмыз. Құдды робот тәрізді. Ұрпаққа кінә арта алмаймыз ғой. Әуелі ата-аналары, мұғалімдері тәрбиені өздерінен бастау қажет. Ал газет нағыз тәрбиенің бастауы. Өз басым аудан газетіне шыққан әр мақаланы тұшына оқып, ішінен керек дүниемді санама тоқып аламын, - деді.

Мәслихат төрағасы жазылу кезінде бұғып қалған емес. Керісінше теректіліктердің дұрыс сана қалыптастыруына күш салып келеді. Мақтауға тұрарлық па? Иә, мақтауға да, мақтануға да болады.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале