22.11.2023, 18:00
Оқылды: 38

Теректі ауданы: 200 тонна құм-қиыршық дайын

Жаңбырдың арты қарға ұласқан бүгінгі ауа райы жолаушыны да, жолшыларды да әбігерге салды. Республикалық күре жол бойында орналасқан, негізгі қатынас автожол арқылы атқарылатын Теректі ауданында табиғаттың осындай тосынсыйына дайындық жасалған. Жол күрейтін тракторлар іске кірісті.

IMG_20231122_175411
Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі берген мәліметке сүйенсек, аудан аумағындағы жолдарды 2023-2024 жылдардың қысқы кезеңінде күтім жасауды «Жайық Жол Құрылыс» ЖШС атқаратын көрінеді.

Кәсіпорынның қысқыға техникалық-материалдық дайындығы аудан әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық полиция бөлімі қатысуымен анықталып, жол тазалауға қатысатын техника мен жылыту орындарының жарамдылығы тексерілген.
Алдағы қыста «Жайық Жол Құрылыс» ЖШС жол тазалауға автогрейдер, тиегіш, тракторы бар, 10 бірлік техника дайындаған.

Қар кептелісі болуы ықтимал жерлер, су өткізу тұрбалары сызба бойынша белгіленген. Көктайғаққа қарсы қолданылатын 200 тонна құм-қиыршық, 20 тонна тұз, 200 тонна құм-түз қосындылары да дайын.

Үш тонна бензин, бес тонна дизель отыны қоры жасалған.

Жыл сайын жол күтіміне атсалысып жүрген жергілікті азамат – Андрей Савченко биыл да қысқа тыңғылықты дайындалды.
ХТЗ Т-150, ДТ-75 тракторлары, тіркемелі грейдер, тиегіш, жұмысшыларды тасымалдайтын автокөлік, жолға себуге қосындылар жеткізуге КамАз автокөлігі, ұзын саны оншақты техника топтастырған кәсіпкер ауылдар мен ауданға жетер жолдарды қар-мұздан тазалайды.

Қажетті кезде көктайғаққа қарсы шаралар қолданады. Аязды-боранды күндері жолда оқыс оқиғаға ұшыраған жолаушыларды жылыту орынын да қарастырған.
Желтоқсанға жетпей, қарашада жауған қар боранда күндерге дайындықты тексергендей. Синоптиктер болжамына қарсақ, ол ұзақ жатпай, еріп кетеді. Дегенмен, қысқыға дайындық бары көңілге медет.

Республикалық трассаның жөндеуі бітпей, езіліп жатқан Жайық ауылы мен Теректі ауылы арасындағы бөлігі іске қосылмаса, жолаушылардың қыста бар сенім артары «Жайық Жол Құрылыс» ЖШС болмақшы.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале