6.06.2024, 23:30
Оқылды: 121

Теректі ауданы: «Ауыл аманатын» арқалауға ниетті көп

Бүгін облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов пен «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қазбек Узыканов Теректі ауданына қарасты Құмақсай ауылының тұрғындарымен жүздесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асуын түсіндірді.

IMG-20240606-WA0046

Сонымен қатар бұл жиынға келелі бағдарламаға ниет білдіруші Подстепный, Шаған, Ұзынкөл ауылдарының жұртшылығы қатысты. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ел әлеуетін арттыратынын халық жақсы біледі. Жүздесуде талқыланған пікірлер мен сұрақтар осыны аңғартты. Бағдарлама арқылы кәсібін дөңгелетіп, ауылға пайдасын тигізгісі келетін ауыл азаматтары құжат жинаудың жолдарын сұрап, ескерілетін алғышарттар туралы сұрақтарын қойды.

-Биыл Құмақсай ауылында «Ауыл аманаты» арқылы мақсатына жеткен тұрғын Жасұлан Берсебаев құс шаруашылығын қолға алды. Қаз, тауық асырап, инкубатордан балапан шығарумен айналысуда,- деді Құмақсай ауылдық округінің әкімі Бақтияр Карл.

IMG-20240606-WA0044

Сондай-ақ аталған ауылда бағдарламаның игілігін көріп, бау-бақша өнімдерін егуге кіріскен қауымның нақты қадамдары көңілге сенім ұялатады.

Ақтілек Орынбасар,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале