7.07.2024, 16:00
Оқылды: 226

Теректі ауданы: байқаушылар баяндады

Сайлау процесінің ашықтығын алға қоятын байқаушылардың рөлі зор. Сайлау барысында қандай да бір әділетсіздікті, құқық бұзушылықты байқаса, бірден тиісті акт жасайды. Түптеп келгенде, бұзушылық негізін тіркеп, әділдіктің ақ туын желбіретеді. Бүгін Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округі әкімін сайлау учаскелеріндегі жұмысты байқаушылар баяндап берді.

InShot_20240707_153721815

№352 учаскесіндегі байқаушы Айнара Тұрбаева:

- Халықтың сайлауға деген көзқарасы оң екенін жауапкершілікпен дауыс бергенінен аңғаруға болады. Учаскеде құқыз бұзушылық болмады. Барлығы Ата Заң аясында жүзеге асып жатыр,- деді өз сөзінде.

Әйтиев ауылындағы, яғни №381 учаскесіндегі жұмысты бақылауда ұстап отырған Динара Майкенова да сайлаудың мінсіз өтіп жатқанын айтты.

Айта кетейік, тұрғындардың 24,42 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале