21.08.2024, 23:33
Оқылды: 206

Теректі ауданы: «Барбастау - Ақжайық - Индер» тасжолының аяқталуына екі-ақ шақырым қалған

Теректі ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева келді.

456376652_2671541019694442_3373672232288967604_n (1)

Халық қалаулысын аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев қарсы алды.

Ортадан «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев те табылды.

Снежанна Валерьевна бірден «Барбастау - Ақжайық - Индер» тасжолының 43-93 шақырымы жұмысын көруге ниеттенді.

Бұған дейін аудан депутаттары жұртшылық базынасын тыңдап, аталмыш компанияның уәдесін алып кеткен еді.

456396773_2671541036361107_954089762061453157_n

Осыдан бір ай бұрын Шағатай ауылының тұрғындарының үніне құлақ түріп, бір ай уақыт берді. Осы уақыт аралығында жолды сапалы аяқтап, ел игілігіне беруді тапсырды. Оған ең бірінші халық куә!

«Uniserv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты Дінмұхамед Сәтбаев ел жүзіне ұялмай қарады десе де болады.

Өйткені ол ашу тағында отырған тұрғындарды сабырға шақырып, компания қызу жұмысқа кірестінін өзі айтты.

Бүгінгі таңда жолдың мәреге жетуіне 2 шақырым қалған. Күндіз-түні жүйелі жұмысқа кірісіп, халық қалауын орындау үшін білек сыбана іске кіріскен олар өз түйткілдерін тілге тиек етті.

456238578_2671540949694449_5352596069342247040_n

-Тұрғындардан тағы бір сұрарымыз – шыдамдылық. Біз еш уақытта жауапкершіліктен аттап өтпейміз. Жұртшылық тарапынан сенім қажет. Бізде де мәселе жетерлік. Құрылысқа қажет көліктерді жүргізушілер таптырмай отыр. Одан бөлек жұмысшылардың жоқтығы бар. Десе де, оған қарамастан жоспар бойынша жұмыстарды жүзеге асырудамыз,- деді Дінмұхаммед Қайратұлы.

Құрылысты тексеріп, жағдайды бақылауға алу үшін атбасын бұрған Снежанна Имашева тұрғындармен пікірлесіп, қазіргі таңда неге наразы болып жатқандарын сұрады.

Жиналған бір топ шағатайлық өз ұсыныстарын жеткізді. Оның ішінде жол мәселесін үнемі талқыға салып, мінсіз пайдалануға берілгенін қалайтын Гүлшат Керей бар. Сонымен қатар Бауыржан Айбеков те топ ішінен сурылып шығып, ел атынан сөйледі.

-Жолда жүру мүмкін емес. Өте шаңды. Екі көлік бір-бірін көрмей, соқтығысып қала жаздайды. Сондықтан осы маңда шаңды басып, су шашатын арнайы көліктер жүрсе, жақсы болар еді. Жолды уақытында аяқтаймыз, осы күзге дейін бітіреміз деп жатыр. Оған ризамыз. Бірақ ауа-райының күрт бұзылуы қалған аз шақырымды жүріп өтуге кедергі келтіреді. Жаңбыр жауса, көлік жүре алмай қалады. Сол үшін жолдың жанына қиыршық тастардың төселгені дұрыс. Көктем мен күз мезгіліндегі балшықтардан өтуге көмек болар еді,- деді ол өз сөзінде.

456236812_2671540819694462_6872139611494773284_n

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Валерьевна алқалы топты өзіне қаратып:

-Басты мақсат – қазақстандықтар алдында партияның берген уәделерінің орындалу барысын көру және тексеру. Бағдарлама аясында нақты айтылған еді. Бүкіл аумақтар бойынша инфрақұрылымды күшейтеміз деген жоспар бар. Соның ішінде республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарға көңіл бөліп, қайта жөндеп, сапасын жақсартамыз. Осы уәдеге сай болу мақсатында әр өңірде «Жол картасы» дайындалды. Партия тарапынан бақылаушы ретінде өз көзіммен көріп, түсініп отырғаным бұл жол биыл күзде аяқталады. Сәл шыдасақ, тақтайдай тегіс жол үстінде жүреміз,- деп, өз сөзін түйіндеді.

Сабыр сақтап, екі-ақ шақырым жұмыстың сәтті мәреге жетуін күте білсек, айымыз оңынан туары сөзсіз. Дүрлігуден аулақ болайық! Себебі билік тізгінін ұстағандар, жолға міндетті компания барын салып жатыр.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале