1.05.2024, 18:00
Оқылды: 80

Теректі ауданы: бірлік күнінде иесін тапқан марапаттар

Берекесі мен мерекесі тасыған қазақ халқының татулықты ту еткен дархан көңілін барша әлем жұрты біледі. Тарих беттеріндегі сын сағатттарда ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бәріне құшағын айқара ашты. Жұдырықтай жұмылған бірлігінің арқасында бір шаңырақ астында көптеген ұлтпен бақытты ғұмыр кешкен дана қазақ адами қасиеттерді биік қоя білді.

IMG-20240501-WA0024

Осы орайда бүгін Теректі аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулық – елімнің мызғымас тірегі» салтанатты іс-шара өтті.

IMG-20240501-WA0030

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова сахна төріне шығып, теректіліктерді құттықтады. Көктем мезгілі келіп, күннің күрт жылынуына байланысты өңірімізге табиғи апаттың келгенін баса айтқан ол аудан азаматтарына алғысын айтып, алғысхатын ұсынды.

IMG-20240501-WA0010

Оның ішінде су тасқынында жерлестерімізге қолдау білдірген еріктілер, жеке кәсіпкерлер мен билік тізгінін ұстаған жандар бар. Атап айтсақ, «ДЭУ-38» мекемесінің басшысы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, әлеуметтік көмек бойынша аудандық штаб төрағасы Роллан Бектеміров, «Ақжайық» шипажайының директоры Альберт Сафуллин, «Nurbergen health resort» шипажайының директоры Айна Баемирова, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Нұрсұлтан Қадырғалиев, Теректі ауданы әйелдерінің «Сенім» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, әлеуметтік көмек бойынша аудандық штаб үйлестірушісі Анар Қайрекенова, Подстепный ауылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің әдіскері Қанат Ермұқанов, «Сагимбаева Э.Г.» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Элла Сағымбаева, «Утеуова Асемгуль Сатхановна» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Әсемгүл Өтеуова, «Джальмишева Гульнафис Сагатовна» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Гүлнафис Жалмышева, Абай атындағы мектеп гимназиясының интернат меңгерушісі Айгүл Қосқарина, «Жігер» коворкинг орталығының кітапханашысы Ақжүніс Шушаева, Подстепный ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Гүлім Мырзахан, «Белес-агро» компания тобы кәсіпорынының механизаторы Қайрат Сапиев, Подстепный, Аңқаты ауылдарының еріктілері Динара Ұлмесекова, Ғаламат Батырғалиев, Жәнібек Жасанов, Максим Жұмағалиев, Азамат Төлебаев, Жоламан Ғабдрахманов, Сағындық Есқалиев, Жанболат Бахитов, Серік Төлеген, Гүлбану Қажғалиева, Қанат Дінқуатов, Айбек Жолманов, Нұрсұлтан Болат, Салауат Қажғалиев, Нұрлан Құсайынов, Нұрболат Әнуаров, Гүлбаршын Қайырова, Медет Айтқалиев аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың алғысхатымен марапатталды.

IMG-20240501-WA0029

Бұл аты аталғандар қолпаш пен қолдауға сөзсіз лайықты жандар. Олай деуімізге негіз көп. Қарғын судың ортасында қалған халыққа демеу болып, ұйқы көрместен жұмыс түрін талғамай істеді. Әлия Биғазықызы өзінің сөзінде:

IMG-20240501-WA0028

- «Бірлігі күшті ел озады» деген дана халқымыз еліміз үшін өте қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді. Соның ішінде ерікті жастар мен жеке кәсіпкерлердің еселі еңбегі, шексіз жомарттығы халықты жігерлендірді. Сол үшін өз атымнан ризашылығымыды білдіргім келеді, - деді.

IMG-20240501-WA0016

Иелерін тапқан марапаттаудан соң концерттік бағдарламаның шымылдығын Мәдениет саласының үздігі Жанар Тайшыбаева жетекшілік ететін үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі ашты. Мың бұралған бишілерден соң салтанатты шара Дәурен Жұмағалиевтің орындауындағы «Атамекенім» әнімен шырайлана түсті.

IMG-20240501-WA0018

Халықтық вокалды «Теректиночка» тобы «Село мое родное» әнін шырқаса, Оралхан Темірғалиев қара домбырамен көрермендерге рух беріп, нағыз мерекелік көңіл күйді сезіндірді. «Романтикэ» әнін беріле айтқан Кәмшат Қадырғалиева да көпшіліктің жоғары бағасын алса, Айбек Дәулетқалиев әдеттегідей нағыз қазақы қалыппен «Қазақ тілі» әнін орындап, ана тіліміздің абыройын асқақтатты. «С праздникам», «Қазақстаным», «Городские цветы», «Тек алға» әндерін жүректерге жеткізген Виктория Нұралиева, Злиха Қалмағанбетова, Сағидолла Ізделеев, Бақытгүл Қабашевамен бір сахнада өнер көрсетуден именбеген «Жұлдыз» би ансамблі мен «Өркен» балалар вокалды ансамблі де теректіліктердің қолын еріксіз ұрғызып, бір орында билете білді.

IMG-20240501-WA0023

Осы кезекте оларды алға сүйреген жетекшілерінің һәм дайындаған ұстаздарының маңдай терін айта кеткен жөн. Көрермендер әуезді ән тыңдап, қимылдары сүйсінтер би көріп, шабыттанып отырған сәтте бейнеролик қосылды. Мұнда ауданымыздағы әр этно-мәдени орталығының мүшелері өз тілдерінде мерекемен құттықтап, қазақ тілінде де боямасыз ниеттерін білдірді. Өңіріміздің ақын, композиторлары жазған «Шырқайық достық әнін» әнімен кештің нүктесін мінсіз қоя білген әншілер тобы еліміздің болашағы бірлігімізге байланысты екендігін тағы бір мәрте ұқтырғандай!

Асыл Қазына,

Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале