27.06.2024, 23:47
Оқылды: 203

Теректі ауданы: есепте тұрғандар ескеріле ме?

Подстепный ауылындағы спорт кешенінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды ортаға қосу және оңалту бағытында облыстық «Жан – демеуші» мүгедектер қоғамдық бірлестігі спорттық іс-шара ұйымдастырды.

IMG-20240627-WA0066 (1)

Сондай-ақ Теректі аудандық ауруханасы, Подстепный дәрігерлік амбулатриясының психолог маманы Айжан Кереева «Сенің есімің» психологиялық тренинг өткізді.

Іс-шараға пробация қызметкерлері, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Сәуле Сарсенова қатысты.

Айта кетейік, аталмыш іс-шара облыстық қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің №1 Теректі аудандық пробация қызметкерлерімен бірлесіп, жүзеге асты.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале