1.03.2022, 17:40
Оқылды: 72

Теректі ауданы көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Бүгін Теректі ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Тілек Габдушевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті. Жиынға аудандық полиция қызметкерлері, округ әкімдері мен бірқатар бөлім басшылары қатысты.

IMG-20220301-WA0064

Күн тәртібінде -  биылғы жылы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар, алдағы міндеттер және аудан көлеміндегі қылмыстық істер.

Аудандық полиция бөлімі басшысы Рауан Мусин ауданда тіркелген қылмыстық істер жайын баяндады.

- 2021 жылы ауданда 252 құқық бұзушылық әрекет тіркелді. Соның ішінде 194-і қылмыстық іс, 58-і құқық бұзушылық жағдайлары. Сондай-ақ адам жоғалуы дерегі бойынша, жол-көлік апаттары, мал ұрлығы, қалта телефонының қолды болуы сынды ірілі-ұсақты оқиғалар тіркелді,- деді Р.Мусин.

Округ әкімдері өз аумақтарында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары жөнінде баяндады. Мәселен, халық шоғырланған Подстепный ауылдық округі әкімі Сержан Мәдиев қар су қозғалысы кезінде су басатын жерлер бар екенін айтып, қажетті техника, құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді сұрады. Шаған  округінің әкімі  Мақсот Мұрзақаев сақтық шараларын берік ұстанатындарын жеткізді. Ақсуат округі әкімі Жаннұр Ахметов пен Долин округі әкімі Талғат Манатауов «биыл қар суынан келер ешқандай қауіп жоқ» деп отыр.

IMG-20220301-WA0066

- Бүгінде аулалардан  қар шығарып жатырмыз. Су жүру жолы тазаланды. Жалпы, су тасқынының алдын алу үшін қызу жұмысқа кірістік, - деді Федоровка ауылдық округі әкімі Әсет Әубәкіров.

Барлық округ әкімдері де осы бағытта жасаған жұмыстары жайында мәлімет берді.

Жиын соңында аудан әкімі Тілек Александрұлы дайындықты күшейтуді тапсырды. Және жергілікті жалғызбасты қариялардың үйіне барып, жағдайларымен танысуды да еске салған аудан әкімі  кез келген жағдайда халыққа көмек беруге дайын болуды тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале