19.12.2023, 23:50
Оқылды: 69

Теректі ауданы: Жас мамандарға арналған семинар өтті

Жуырда Подстепный орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында аудан мектептеріне келген 24 жас мұғалім семинарға жиналды.

1

«Педагогикалық тәжірибе – шығармашылықтың бастамасы» тақырыбындағы семинарда олар тәжірибелі ұстаздардың қолдауымен сабақта қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер, олардың тиімді жолдары, қарым-қатынас түрлерін үйренді.
Семинар-практикумды ашқан аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісі Ж.Аманғалиева осындай шаралардың жастарға тәжірибе жинауға, ал аға буын ұстаздарға білгенімен бөлісуге жақсы мүмкіндік екенін айтты.
Бес топқа бөлінген жас мамандарға білікті, көп жылдар бойы бала оқытып келе жатқан әріптестері жетекшілік етті. Психологиялық тренинг арқылы бір-бірімен танысып, топтық жұмыстар жасаған жас мамандар әр топқа кедергілер арқылы ауысып отырды. Сонымен, С.Өтепқалиев және М.Өтепқалиева «Дарынды оқушылар: анықтау, оқыту, дамыту», А.Құбиева және Г.Жүнісова «Қиын оқушылар: кездесетін кедергілер мен шығу жолдары» тақырыбында дәріс берді.
Б.Айтқалиева «Түрлі платформалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру», Ж.Ирғалиева және Б.Керешова «Кіріктірілген сабақтың кәсіби білім сапасын арттырудың маңызы», Р.Сақыпқалиева және Н.Ихсанова «ЕБҚО жұмыс: жоспарлау, іске асыру» жөнінде білім-тәсілдерімен бөлісті.

Гүлстан Сатыбалдиева,
Теректі аудандық білім бөлімінің әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале