27.08.2019, 12:36
Оқылды: 29

Теректі ауданына 22 жас мұғалім келді

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов бүгін білім саласына келген жас ұстаздармен кездесті.

IMG20190827090309

Биылғы оқу жылында ауданға алғашқы еңбек жылын бастағалы отырған 22 жас ұстаз келген. Бастауыш сынып мұғалімі, биология, химия, математика, тарих және тағы басқа пәндер мұғалімі мамандығына оқып шыққан жастар енді өздері бала оқытады. Осыдан төрт жыл бұрын Шаған мектебінен шыққан түлек Асыланбек Бақытжан туған мектебіне химия пәні мұғалімі болып оралды.

-«Дәрігердің қателесуіне болмайды» дейді. Меніңше, мұғалімнің де қателесуіне болмайды. Елдің ертеңін өсіру сіздерге сеніп тапсырылған,-деген Әділ Тауфиқұлы жас мамандарға сәттілік тіледі.

IMG20190827093409

Аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев:

-Тарихы терең, небір атақты адамдар мекені болған Теректіге келген қадамдарың құтты болсын. Жастар жылы еңбекке қадам басып отырсыңдар. «Маған мемлекет не береді?» демей, «Мен осы өңірдің гүлденуі үшін не істесем екен?» деп, үлес қосар азамат болыңдар,- деген тілегін айтты.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале