Теректі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында XVII кезекті сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, мәслихат депутаттары, бірқатар округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Жиынға мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев төрағалық етті. Күн тәртібінде ауданның бюджеті мен экономикасы жөнінде бірқатар мәселелер қозғалды. Атап айтсақ, аудандық білім беру бөлімінің атқарған жұмыстары жөнінде Мирас Сапарғалиев баян етті.
Ауданның денсаулық сақтау жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы Теректі ауданы ауруханасының директоры Дархан Хайрушев пен № 2 ауруханасының директоры Бекзат Құбаев айтты.
Аталмыш ұйымдардағы басты мәселе – дәрігерлердің жетіспеушілігі.
– Ауданға қарасты бірнеше ауылда дәрігерлік пункттер бой көтерген болатын. Бірақ сол жерлерге маман қажеттілігі туып отыр. Сонымен қоса қос ауруханаға гинеколог, кардиолог, хирург сынды дәрігерлер ауадай қажет. Келген күннің өзінде оларды ұстап қалу қиын. Жас мамандар көбінесе облыс орталығында қызмет еткісі келеді, - дейді бас дәрігерлер.
Ауданының кәсіпкерлік жене ауыл шаруашылығы бөлімінін атқарған жұмыстары туралы және шаруашылық өнімдері хақында Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің маманы таныстырды.
Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы Nº15-9 «Теректі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы Nº15-5 «Теректі аудандық әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, мәслихаттың 2017 жылғы 31 наурыздағы Nº11-11 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясынын дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Теректі ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Айбек Ғайнуллин айтты.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Теректі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы Теректі аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін аткарушы Азамат Құспанов баяндады.
Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы Nº11-1 «Теректі ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және аудан мәслихатының 2023 жылы 22 желтоқсандағы Nº11-2 «Теректі ауданының ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне езгерістер енгізу жөнінде экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сарсенова баяндады.
Теректі аудандық мәслихаттың 2023 жылгы 17 каңтардағы Nº32-3 «Теректі ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, 2023 жылғы 27 желтоқсандағы Nº 12-2 «Теректі ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу жайлы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Болат Кенжеғұлов айтса, 2022 жылғы 18 ақпандағы Nº19-4 «Теректі ауданнын қоғамдық кеңесінін құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев сөз етті.
Аталмыш мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Өз кезегінде сөз алған аудандық мәслихат депутаты Әділет Орынбасаров бүгіп таңда ең өзекті су мәселесін көтерді. Екі аптаға жуық аудан орталығында таза ауыз судың болмауы халықты ашындырып отырғанын, осы сауалды жауапты мамандар тезірек шешсін деген депутатқа «Таза Су» ЖШС басшысы Сабырбек Мусин мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмыстары жөнінде бөлім басшысы Қайыржан Есетов «Жуық арада шешуге жұмыстанудамыз» деп тіл қатты. Сондай-ақ су құбырының жаңартылып жатқанын да тілге тиек етті.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы