29.01.2020, 18:36
Оқылды: 121

Теректі ауданында дәрігерлерге үй берілді

Теректі ауданында бір ай ішінде төрт жас дәрігер қызметтік үй алды.

terekti ui (2)

Ақжайық ауылына келген хирург Марлен Жарылғасиновке Хаймулдин көшесіндегі 22 үй бұйырды. Ауыл халқы аттай қалап, көптен сұраған маман хирург енді осы ауылда тұрақты жұмыс жасайды.

Подстепное ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда жұмыс жасап жүрген жалпы тәжірибе дәрігерлері -Лаура Сабетова, Гүлдана Акрымова, Динара Омарова енді осы ауылдағы Әбу Бәкір Кердері көшесіндегі 9 үйде тұратын болды.

Дәрігерлер тапшылығын тартып жүрген ауданда жас мамандарға жағдай жасау арқылы халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету іске асырылып отыр.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале