11.02.2026, 17:15
Оқылды: 7

Теректі ауданында инвестициялық жобалар талқыланды

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.

626815635_3195158063999399_3024412579284423722_n

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, прокуратура қызметкерлері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және ведомстволық мекеме жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында күн тәртібіне сәйкес бірнеше маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, 2025 жылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы түйткілдер талданып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар биыл іске қосылуы тиіс «Aimaq07» платформасына енгізілген инвестициялық жобалардың жай-күйі сөз болды.

Жиында 2027–2029 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізімін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сандуғаш Айтқалиева баяндама жасап, алдағы жылдарға жоспарланған жобалар мен олардың экономикалық тиімділігі туралы мәлімет берді.

Кеңес қорытындысында бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне инвестициялық жобалар бойынша ақпараттарды салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарларымен келісіп, белгіленген мерзімде ұсыну тапсырылды. Аталған мәліметтер белгіленген мерзімге дейін тапсырылуы тиіс екені ескертілді.

Аудан басшылығы инвестициялық жобалардың өңір экономикасын дамытудағы маңызын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Әдемі Ғазизова,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале