Дәл қазір БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингі өтіп жатыр. Оған Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, аудандағы кәсіпкерлік саласының хал-ахуалы хақында халыққа таныстыруда.
Ауданның экономикасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында қос ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған еді. Бұл туралы баспасөз брифингіне қатысқан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мәлім етті.
– Осы орайда «Ringo Milk» ЖШС сүт-тауар фермасын кеңейту үшін қосымша мал қора салу және максималды қуаттылығын 1 200 мал басына жеткізу көзделген. Инвестиция сомасы – 2 млрд 400 млн теңге, қосымша 30 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Сонымен қатар «Төлеңгіт» шаруа қожалығында сүт-тауар фермасының құрылысы, мал қора салу мен симментал тұқымды 400 асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу болашақтың еншісінде тұр. Жобаның құны – 1 млрд теңге. Аталмыш жоба жүзеге асқан жағдайда 15 жаңа жұмыс орны ашылмақ, - деді аудан басшысы.
Самал Жамет
Теректі ауданы