12.09.2025, 16:30
Оқылды: 265

Теректі ауданында көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» табысталды

Теректі ауданында көп балалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Дархан Абдрашитов төрағалық етті.

WhatsApp Image 2025-09-09 at 15.23.02 (1)

Бұл марапат Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 шілдедегі №949 Жарлығына сәйкес табысталды. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары көп балалы аналардың қоғамдағы еңбегін, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ерекше бағалау мақсатында берілетін мемлекеттік награда болып табылады.

«Алтын алқа» алқасымен Алмагүл Амангулова (Теректі ауылдық округі), Динара Жукасаева,  (Подстепное ауылдық округі) марапатталса, «Күміс алқа» алқасына Диана Кенжина (Подстепное ауылдық округі), Назгүл Кусаинова (Ақсуат ауылдық округі), Айымгүл Мендибаева (Подстепное ауылдық округі), Әйгерім Нүркенова (Подстепное ауылдық округі), Анара Тлесова (Покатиловка ауылдық округі) ие болды.

Әйелдер қауымына көрсетілген бұл құрмет – мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайтуға, ана мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам.

 

Әдемі Талғатқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале