Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет және спорт саласындағы 2025 жылға арналған тексеру жұмыс жоспары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Ішкі саясат инспекторы Алмас Садубаев, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмуханбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитет төрағасының орынбасары Сабит Барлыбаев Теректі ауданына келіп бірнеше спорт және мәдениет нысандарын аралап көрді.

Келген қонақтарға БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Медхат Қамбетов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов және аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереевтар аудандық мәдени демалыс орталығын, "Достық" үйін, аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимараты мен аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен таныстырды.

Таныстыру барысында мәдениет және спорт саласындағы қазіргі ахуал жайында сөз қозғап, кездесу барысында ауылдық округтердегі ғимараттардың жағдайы туралы мәліметтер берілді.

Аудан бойынша спорт пен мәдениет саласындағы жетістіктері жайында да әңгіме өрбіді. Әсіресе аудандық мәдени демалыс орталығындағы үйірмелердің жұмысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстара ризашылығын білдірді.
Темірболат Әнуарұлы,
Теректі ауданы
