Теректі аудандық әкімдігінде аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың қатысуымен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, округ әкімдері қатысқан жиын өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе – мал ұрлығы жайында аудандық полиция бөлімінің бастығы Кенжебек Рахметов баяндады.
- Бағусыз малға соғылуы кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бастап осы санаттағы 6 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның барлығы да малдың бақташысыз бос жайылуы себебінен. Нәтижесінде жалпы сомасы 38766 теңге айыппұл төленді.
Қазіргі таңда учаскелік полиция қызметкерлері округ тұрғындары мен шаруа қожалықтарына түсінік жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ өткен жылы аудан аумағында 16 мал ұрлығы тіркелді. Оның барлығы бойынша жұмыстандық, - дейді полиция бастығы.
Оған қоса округ әкімдері де ауылдардағы мал жайылымы, бақташылық жайында айтты.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz