4.06.2024, 15:15
Оқылды: 81

Теректі ауданында Рәміздер күні тойланды

Рәміздер күніне орай көк туды желбірете автошерушілер көшеге шықты. Аудан орталығының Абай, Бейбітшілік, Тәуелсіздік көшелерінің бойымен басталған авто және велошерушілер «Ту тұғыры» алаңына тоқтады. Көк туымызды желбіреткен шеру кеудемізде мақтаныш сезімін орнатты. Алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім – қадірлім» атты салтанатты Ту көтеру шарасы өтті.

78AEBF3D-E628-424C-AAC0-D4929F5D9668

Мемлекеттік Гимн шырқалып, теректіліктер қосыла орындады. Шараға Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев және бірқатар бөлімдердің ұжымдары қатысып, еліміздің Тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі саналатын рәміздерге құрмет көрсетті.

D10B380C-B1F8-4F00-897D-A3FDFFA61CC1

Жаңа Қазақстан – жаңғыру мен жаңару жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін қасиетті белгілер.

Халқымыздың ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихының шынайы көрінісі. Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Баубекұлы көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер – мызғымас бірлік пен қайтпас рухтың баламасы. Биыл Мемлекеттік рәміздердің тарихында елеулі оқиғалар жеткілікті. Оның ішінде Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниазбековтың туғанына 80 жыл толып отыр. Сондай-ақ ғарышқа көк туымыздың тігілгеніне де 30 жыл уақыт болды. Күллі әлем бізді танитын болды. Осының бәрі егемендіктің арқасы. Ендеше, еліміз аман, туымыздың тұғыры берік болсын. Бүгінгі қастерлі мерекеде баршаңыздың жанұяңызға бақыт пен береке, дендеріңізге саулық тілеймін. Көк туымыз желбіреп, рухымыз асқақтай берсін! - деді өз сөзінде.

F320BF3C-A604-4F15-82BC-C6772B32FC71

Одан әрі аудандық мәдени-демалыс орталығының күміс көмей әншілері «Отан жалғыз, ту жалғыз», «Көк тудың желбірегені» әндерін шырқап, үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі «Адай арулары» биін билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале