15.03.2026, 17:59
Оқылды: 14

Теректі ауданында республикалық референдум күні жәрмеңке ұйымдастырылды

651156477_3237125966469275_6989493251548533420_n

651231814_3237126056469266_6125644657337264021_n

Бүгін республикалық референдум аясында Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы №360 референдум учаскесінің жанында жергілікті өнім өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкенің мақсаты – ауыл кәсіпкерлерін қолдау және тұрғындарға сапалы, табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен ұсыну. Іс-шара барысында келушілерге бал, қолөнер бұйымдары, сүт және ет өнімдері, көкөністер мен басқа да жергілікті өнімдер ұсынылды.

Ауыл тұрғындары жәрмеңкеге белсенді қатысып, өздеріне қажетті азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алды. Мұндай шаралар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсетіп қана қоймай, тұрғындар үшін де пайдалы сауда алаңына айналып отыр.

Қаламқас Саясатова

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале