12.05.2020, 15:35
Оқылды: 51

Теректі ауданында үш бұлақ көзі ашылды

Соңғы жылдары су тапшылығы әлемді алаңдатып отыр. Бұл жағдай бізде де бар.

8147DDD8-385C-4234-AE9B-1E5282FB29EB

Ақ Жайықтың қайраңы көрініп, шалқыған Шалқар жағасынан қашықтап бара жатқанына қарап көңіліміз түседі. Жыл сайын «су деңгейі төмендеп барады» деп дабыл қағамыз. Тіршілік көзі суға тәуелді. Сондықтан да су-айдынға аса жауапкершілікпен қарауымыз тиіс. «Әр азамат үй салып, тал егуі және адам қатарына ұрпақ қосуы керек» деген қағидаға «су көзіне қамқорлық көрсетуі керек» деп қосса да болғандай.

1BAF58B6-4152-4881-8A87-D9055079CF99

Десек те, айдынды ластап, бар байлықтың көзін жойып жүргендер кездеседі. Оларға қарама-қарсы – су жағасын қалдықтан тазалап, қайнар көзін ашып жүргендер бар.

B48BB822-19F4-4A1D-ACDA-06087719F919

Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі тұрғындары сол екінші топқа жатады.

F112DE1C-777F-49B7-8F67-65CAE42F18F5

Алыс-жақын елге танылған Шалқар айдыны жағасын мекен еткен халық көлін қызғыштай қориды. Қыстың күні су үстіне ойық ойып, балыққа ауа жібереді. Ерте көктемнен қара күзге дейін су жағалап, нәпақасын айырады. Жаздай демалған  жұрттың артынан көл жағасын жинап-тазартады.

-Өткен жылдары сенбілік жасап, жағаны тазартатын едік. Биыл пандемияға байланысты жаппай сенбілікке шығу мүмкін болмады. Сонда да ақылы қоғамдық қызметтегі 5-6 адам қолынан келгенше жинастырып жатыр, - дейді Шалқар ауылдық округі әкімі Мейірбек Сұлтанов.

Округ орталығы – Сарыөмір ауылының бас көшесінің бойында бұлақ болғанын естіген округ әкімі Мейірбек Сұлтанов ауыл азаматтарын жұмылдырып, су көзін ашты. Қайнар басын осы ауылдағы Хамза Есенжанов атындағы мектепті әр жылдары бітірген түлектері бекітіп жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұлақ басын абаттандыруды қолға алған ауылдастар осы іске 3,5 миллион қаржы жұмсамақшы.

Шалқарлықтар бұдан басқа, Сасай тауы етегіндегі Түмен нүктесі мен ауылдан 5 шақырым жерде жатқан Шұңқыр көл деген жерде тағы екі бұлақ көзін ашты.

Шалқарға құйып, шалқытып жібермегенмен, тұрғындар қолданысына, мал суаруға жарап тұрған бұлақтарды арнайы барып көрген аудан әкімі су маңына картоп, көкөніс салып, ауылды өз өнімімен қамтуды ұйымдастыруды округ әкіміне тапсырды.

Бұлақтың көзін ашқан сарыөмірліктер тіршілігі басқаларға да үлгі болса игі.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

  zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале