Бүгін Орал медресе колледжінің директоры Талғат Искалиев пен облыстық «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Ерлан Айтенов Теректі ауданына іссапармен келді.
Білім күніне орай діни білім алудың қажеттілігі, маңызы жөнінде уағыз-насихат айтқан Талғат Маратұлы жамағатқа бас имамды таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сонымен, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Теректі аудандық мешітінің бас имамы болып Амантай Бақтығали тағайындалды.
Амантай Қуанышбайұлы 1990 жылы дүниеге келген. Теректі ауылының тұрғыны. Ұлты қазақ. Жоғары білімді. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетінің түлегі (2018-2021 жж.). Осы уақытқа дейін аталмыш мешіттің ұстазы қызметін атқарды. Үйленген, 3 баланың әкесі.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz