
Теректі ауданындағы төрт мектепте – Подстепный №2, Госплемстанция, Ақжайық және Пойма жалпы орта мектептерінде «Жас құтқарушы» арнайы сыныптарының ашылу салтанаты өтті.
«Жас құтқарушы» сыныптары жасөспірімдердің төтенше жағдайларда дұрыс іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға, патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Жоба Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен жүзеге асырылды.

Салтанатты рәсімге Теректі аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев, Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бахтияр Катчеков, білім бөлімінің басшысы Индира Амиртаева, сала мамандары мен ата-аналар қатысты. Оқушылар арнайы куәліктерін алып, ант қабылдады.
Әдемі Талғатқызы,
"Жайық Пресс"