5.06.2022, 9:23
Оқылды: 37

Теректі ауданындағы №385 сайлау учаскесінде 1 412 тұрғын өз таңдауын жасайды

Бүгін қазақстандықтар Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу туралы республикалық референдумда дауыс береді.

AC682ED3-5E53-4AEE-89FA-F1E2BCBA933B

Таңғы сағат 7.00-де Теректі ауылындағы №385  сайлау учаскесінде Мемлекеттік әнұран ойнатылып, сайлау салтанатты түрде ашылды.

CDA6C10F-6038-4148-B831-ACDD4BB8516B

Федоровка №1 ЖОББМ-де орналасқан сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Хамитұлының айтуынша, алғаш болып  полиция аға лейтенанты Нұрхат Досқалиев  өз таңдауын жасады. Сондай-ақ аудан әкімі Тілек Габдушев отбасымен келіп, комиссия мүшелеріне сәттілік тілеп, дауыс берді.

C122A127-81DE-48CA-BE3D-B64ADD2C9062

Айта кету керек, аудандағы №385 сайлау учаскесінде 1 412 тұрғын өз таңдауын жасамақ. Дәл қазіргі уақытта дауыс беру саны 30-дан асқан. Келушілер белсенді. Үйден дауыс берушілердің  саны 12 адамды құрайды.

Балнұр Қуанышқызы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале