22.05.2017, 10:33
Оқылды: 67

Теректі ауданының әкімі игерілмеген жерлерді тұрғындарға беруді тапсырды

Terekti egis alkabi    Теректі ауданының әкімі М.Мұқаев бастаған аудан басшылары егіс алқаптарын аралап, жұмыс өнімділігін тексеріп қайтты.

       Ең алдымен, Богданов ауылдық округінен 15 шақырым жерде орналасқан «Ганиев» шаруа қожалығына ат басын тіреді. 3344 гектар жердің 1898-ін егіске арнаған қожалық иесі Ғаббас Габдулбариевичтің айтуынша, бүгінде дәнді дақылдардан бидай - 447, арпа - 230, майлы дақылдан мақсары – 453, мал азығы көпжылдық шөп 300 гектар жерге егілген екен.


    Аталмыш округке қарасты 1998 жылдан бері халқы үшін қызмет етіп келе жатқан «Родина» ЖШС-де (қожалық басшысы – Виктор Давыдов) 100 гектар жерге арпа, 1420 га алқапқа бидай және 500 га мақсары егілген.

    Сапар жалғасын тауып, кезек Приречный ауылдық округінің кәсіпкерлеріне келді. Федор Савичев басқаратын «Прогресс» шаруа қожалығына барлығы 3489 гектар жер тиесілі. Соның 3103-і - егіс алқабы. Қазіргі таңда бұл қожалықта 2283 га ғана бидай егілген. Әлі 900 гектар жер игеріледі деп жоспарлануда.

   Приречный ауылынан 20 шақырымда орналасқан «Танас»  шаруа қожалығында (басшысы – Александр Авчинник) арпа – 230, жаздық бидай – 611, мақсары 600 га жерге егілген.

   Аудан әкімі барлық алқапты, техникалардың жағдайын, жұмыс барысын мұқият тексерді. Содан соң барлық басшыларға шаруашылығын дөңгелету үшін жер сұрап, әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүрген тұрғындарға игерілмей, бос жатқан жерлерден беруін тапсырды.

         Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале