6.10.2024, 9:21
Оқылды: 145

Теректі ауданының әкімі өз таңдауын жасады

Президент елімізде АЭС салу бойынша референдум жариялап, халықпен кеңесудің жарқын үлгісін көрсеткен-тұғын. Сол себепті дүйім қазақстандықтар қазанның алғашқы жексенбісін асыға күтті.

IMG-20241006-WA0069

Бүгін сайлау учаскілеріне ағылған ағайын – осы сөзіміздің дәлелі. Теректіліктер де ел тағдырына қатысты шешімнің қабылдауынан тысқары қалмай, аудан бойынша сайлау учаскілерінде жұмыс қызды.

Алғашқылардың бірі боп өз таңдауын Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова жасады.

– Бүгін барлық қазақстандықтар үшін маңызды күн. Осы күні әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел тағдыры шешілер сәттен қалыс қалмайды деп ойлаймын. Теректіліктердің де аталмыш жауапкершілікті сезініп, таңдау жасауда белсенділік танытып жатқаны қуантады. Сайлау учаскілері өз жұмысын бастаған сәттен бастап референдум уақыты аяқталғанға дейін сол жауапкершілік жоғары деңгейден төмендемейді деп сенемін, - деді өз сөзінде аудан басшысы Әлия Биғазықызы.

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале