23.12.2022, 20:47
Оқылды: 125

«Теректі ауданының құрметті азаматы» атағы табысталды

Теректі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың ХXXI кезектен тыс сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Тілек Габдушев, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев төрағалық етті.

33BE5747-9233-4143-A16E-A7E392120FCA

Күн тәртібінде аудан бойынша атқарылуы тиіс бірқатар мәселелер сөз болды.

Сессия жұмысында Теректі ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту жөнінде экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Сәрсенова, Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №48-2 «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы А. Тасенова баяндама жасады.

16FF4929-4753-40B5-A84D-10006A61A220

Сонымен қатар аудан бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қ. Досанов хабардар етті. Шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Сессия соңында аудан әкімі Тілек Александрұлы Теректінің топырағынан түлеп ұшқан, ел экономикасы мен мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар жандарды «Теректі ауданының құрметті азаматы» атағымен марапаттап, төсбелгі табыстады.

9E9BC803-3A51-40FD-845F-EF3968C79B45

Олардың қатарында Ақсуат ауылында көп жылдар қызмет еткен Леонтий Галуца, Ұзынкөл ауылында жұмыс жасаған Сарман Жаркеев, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Эльмира Мақашева, профессор Мұрат Сабыр, Придорожный, Богдановка ауылдарында қызмет еткен Базарбай Ерешов, Чапаев савхозынында жемісті еңбек еткен Кәрім Суханов және «Теректі жаңалығы» газетінің бас редакторы болған Роза Сыиқова бар.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың алғысхатымен Үміткер Орынғалиев, Роллан Бектемиров, Болған Ахметова, Аягөз Айтқалиева, Нұрлан Жасұланов, Айгерім Мұсағалиева және «Құрмет грамотасымен» шағатайлық Оразбай Құсайыновтар марапатталды.

FE8AFC31-6829-433E-B727-84CE5DFA80C8

«AMANAT» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаты Аманғали Бөкенбаев «Белсенді қызметі үшін» медалін иеленді.

Ауданда архив саласында қызмет атқарып жүрген Гүлсая Бисенғалиева да кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің алғысына кенелді.

Балнұр Қанаева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале