Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова Теректі ауданының прокуроры Қуаныш Мұстафинның ендігі жұмысы бас қала Астана қаласында жалғасатынына байланысты өз тілегін арнап, сәттілік тіледі.
Қуаныш Мұстафин 2022 жылы ҚР Конституциясының 83-ші бабына сәйкес тағайындалған еді. Міне, бүгін әр жылдары бас маман, Казталов және Бәйтерек аудандары прокурорларының аға көмекшісі, облыс прокуратурасында басқарма прокуроры және облыс прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының үкімдердің орындалуына қадағалау жүргізу тобының басшысы, облыс прокурорының аға көмекшісі лауазымын атқарған білікті басшы астаналық болмақ.
Өз кезегімізде Қуаныш Сәлімұлының жұмысына толайым табыс тілейміз! Халықтың ақ батасын ала беріңіз!
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы