Бүгін Теректі ауданы әкімдігінде аудан активінің қатысуымен жиын өтті. Бұл мәжіліске Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев, Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова мен бөлім басшылары қатысты.
Әлия Биғазықызы сөз алып, жиынның мақсатын айтты. Азамат Әлібекұлы өз кезегінде ауданның жаңа прокуроры Ғалымбек Мұхитовты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Ғалымбек Әлібекұлы 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы – заңгер. 2005 жылы Махамбет Өтемісов атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын Бөкей ордасы аудандық сотының маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары аталған ауданның прокуроры көмекшісі, аға көмекшісі болған. Күні бүгінге дейін Жаңақала ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Ақтілек Әлібек,
Теректі ауданы