11.11.2024, 16:00
Оқылды: 51

Теректі өнерпаздары ақынның кездесу кешінде өнер көрсетті

Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның  80 жасына орай көрнекті іс-шаралар ақын туған топырақта басталып, тұстас қазақ елі қостады.

 

IMG-20241110-WA0063

Таяуда Ақжайықтың ақын қызы құрметіне Астанада Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен  Еуразия Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен кездесу кеші өтті.

Рухани шараға Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанованың қолдауымен теректілік өнерпаздар барды. Оларды бастап барған аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Арман Сағидоллин ақынға жерлестердің дұғай сәлемін жеткізді.

FB_IMG_1731303662028

Осы кеште Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров, Дархан Құлбабаев, «БатысStar» тобы және Теректі ауданынан әнші, сазгер Елжас Мағзом мен жас әнші Айсезім Тілекқабыл өнер көрсетті.

Ақынның өзі өнеріне сүйсініп, Роза Бағлановаға теңеген Айсезім Айбекқызы ән салғанда көрермендер ыстық ықыласын жаудырды.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале