Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Теректі аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешені бірлесіп мекемелер арасында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырды.
Турнирге 6 команда қатысты. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орын аудан әкімшілігі құрамасына бұйырса, ІІ орынды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі місе тұтты. Ал қарсылас шақ келтірмеген «Теректі» спорт клубы жарыстың жеңімпазы атанып, тұғырдың ең биік сатысына жайғасты.
Жеке аталымдар бойынша, Асланбек Жаңабаев(өрт сөндіру бөлімі)- «Үздік қақпашы» атанды. Жарыстың «Үздік қорғаушысы» аталымын Ақжайық полиция бөлімшесі қызметкері Қазбек Сақпаев еншілесе, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Альмир Нұрғалиев «Үздік шабуылшы» номинациясында ешкімге дес бермеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктар мен алғыс хаттарға ие болды.
Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ
Теректі ауданы
zhaikpress.kz