Бүгін құт дарып, кие қонған Қаратөбе ауданында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының 40 жылдығына орай және Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші һәм композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алу мақсаты үшін «Сазды әуен мен сырлы үн» атты вокалды аспаптар арасында облыстық байқау өтті.
Аталмыш байқауға «Теректі» вокалды аспаптар ансамблі қатысып, Ескендір Хасанғалиев атындағы арнайы жүлдені иеленді.
Сондай-ақ Руслан Бекболатов «Үздік соло-гитара» аталымын жеңіп алды. Теректіліктердің қанжығаға байлаған бас жүлдеден артық арнайы жүлдесі мерейді өсірді. Өйткені аты дүйім елге мәшһүр Ескендір Өтегенұлы атындағы жүлдені екінің біріне бермесе керек. Бұл – артылған сенім мен асқан жауапкершілік!
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы