27.11.2023, 17:30
Оқылды: 46

«Теректі жаңалығы» газетіне жарты жылға жаздырып берді

Бүгінгі таңда 2024 жылға мерзімді басылымдарға жазылу науқаны жүріп жатқандығы баршаға аян. Осы тұрғыда 90-ға келген Теректінің төл басылымы «Теректі жаңалығы» газеті аудан тұрғындарынан қолдау күтеді.

газет

Ауданға қарасты барлық мекеме және ауылдық округтер науқан кезінде білек сыбанып, аудан айнасының таралымы артуына сеп боып отыр.

Күні кеше Ақсуат ауылдық округі аумағында орналасқан «Тәуекел» ЖШС ауылдағы 30 ардагерді «Теректі жаңалығы» газетіне жарты жылға жаздырып берді.

- Аудандағы барлық жаңалықты ақсуаттық қарттар біліп отыруы керек. Әлеуметтік желілер болғанымен, аталар мен әжелеріміз әлі күнге дейін газетті күтіп, парақтап, оқып отырады. Заман ағымынан қалыспай келе жатқан аудандық газеттің қадірі бар. Қолда барымызды өзіміз құрметтемесек жас ұрпаққа береріміз де болмайды. Сол себепті ауыл ардагерлеріне тарту жасаған «Тәуекелге» және басшысы Александр Кондратенкоға алғыс білдіремін, - дейді округ әкімі Жаннұр Ахметов.

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале