4.06.2024, 22:00
Оқылды: 125

«Теректі жаңалығының» тілшісі Ақтөбеге жолдама алды

ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облысында шахматтан «Senat Open» I ашық кубогының облыстық іріктеу турниры өтті.

1

Мемлекетіміздің қалыптасу жолында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, соның ішінде мәслихаттардың қосқан үлесі зор.

Ашық турнирге облыстық, қалалық, аудандық барлық шақырылымдардағы мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен ұжымдар қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша «Қоғамдық кеңес мүшелері арасында үздік нәтиже» номинациясы бойынша l орынды Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің штаттан тыс тілшісі Өтеген Мүбәрәк  иеленді.  Үздік нәтиже көрсеткен 25 қатысушы ішінен оза шапқан ол енді Ақтөбе қаласында өтетін жартылай финалға жолдама алды.

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале