Бейсенбіде мәдениет үйінде Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламановтың қатысуымен педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Онлайн тәртібінде ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған отырысқа аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев, «Bilim Media Group» ЖШС маркетинг департаментінің басшысы Қанат Мырзаханов, мектеп директорлары, мұғалімдер, мектептен тыс және мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері қатысты.
– Бірінші тоқсанда барлығы 10 мемлекеттік және 5 жекеменшік бөбекжай кезекші топтармен жұмыс істейді. Аудан бойынша 21 мектеп штаттық, 17 мектеп қашықтық режимде жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз. Еліміздегі жағдайға байланысты қазіргі уақыттағы негізгі мәселе – оқушыларды қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз ету. Бүгінде 955 отбасының 1614 баласы компьютерге мұқтаж. Бұл оқушыларға мектептерден компьютерлер, ноутбуктар беріп, роутерлармен қашықтан оқытуды бастағалы отырмыз. Қыркүйек айының басында 1620 жаңа компьютер қосымша жеткізіледі, – деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова.
Тамыз кеңесінде аудан басшысы Әділ Тауфикұлы, «Bilim Media Group» ЖШС маркетинг департаментінің басшысы Қанат Ермекұлы, Госплемстанция орта мектебінің директоры Гүлдариға Амандықова, Ақжайық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Гүлсезім Мағзомова баяндама оқып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Салтанатты шарада ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары Алма Сартулеева мен Құралай Ерзақова, Теректі аудандық саз мектебінің би сыныбының оқытушысы Слан Имашева, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақлима Құбаева, Федоровка №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Елена Умбетьярова марапатталды.
Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Нұрғайша Кулушева, Восход жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Амирханова, Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ирина Валеева, «Айгөлек» бөбекжайының меңгерушісі Салтанат Арыстанова ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғысхатын иеленді. Гүлмира Таутешова (аудандық саз мектебі), Айгүл Айтжанова (Қоғалытүбек), Болатбек Байсақалов (Новопавловка), Амантай Хайруллин, Шынар Жанбыршиева (Х.Есенжанов атындағы мектеп), Ирина Скрынник, Гүлзар Сарсекенова (Шаған), Елдос Құбашев (Қызылжар), Марат Каппасов (Богдановка), Ляззат Айғалиева («Балдырған» бөбекжайы) Теректі ауданы әкімінің алғысхатын алды.
Тамыз кеңесінің аясында 21 секция жұмысы онлайн форматта өтті.
Аягөз Айтқалиева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz