30.08.2023, 19:29
Оқылды: 124

Теректіде 24 отбасы баспаналы болды

ҚР Конституция күніне орай Теректі ауданына қарасты Шаған ауылдық округі орталығы Жаңаөмір ауылында үш қабатты 24 пәтердің кілті табысталды. Шағандағы қуанышқа БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ортақтасып, баспаналы болған теректіліктерді құттықтады.

IMG-20230830-WA0023

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Теректі аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде бой көтерген тұрғын үйді салуға 260 млн теңге қаражат жұмсалған. Құрылыс сегіз ай көлемінде жүріп, «Эврика» ЖШС сапаға жұмыс жасауға тырысқан. Жаңа пәтер кілттері жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасыларға, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтар,толық емес отбасылар, ерекше балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларына ұсынылды.

IMG-20230830-WA0014

IMG-20230830-WA0015

- Елімізде баспананы қолжетімді ету – Үкімет пен жергілікті әкімдіктер тарапынан жүзеге асырылып жатқан маңызды жоспарлардың бірі. Халықпен әр кездесуде жиі көтерілетін баспана мәселесі біртіндеп оң шешімін табуда. Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет халықты тұрғын үймен қамту бағытында түрлі бағдарламаларды жолға қойып, жүзеге асыруда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы да көптеген жерлесіміз жеке үйіне ие болуда. Баршаңызды бүгінгі қоныс тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа баспаналарыңыздың іші қуаныш пен шаттыққа толсын,-деді өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы.
IMG-20230830-WA0018

Ата Заңымыздың мерекесі күні жаңа пәтердің кілтін қолына ұстап тұрған көпбалалы ана Жамал Исполова да қуанышын жасырып қала алмады.

IMG-20230830-WA0016

- Расы керек, бүгін отбасымыз үшін ең қуанышты күн. Пәтер кезегінде тұрғанымызға он бес жылдың шамасы болды. Өзім алты баланың анасымын. Енді менің балаларым өз үйінде асыр салып, алаңсыз балалық шағын өткереді. Халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында еңбектеніп жатқан Мемлекет басшысына, сонымен қатар облыс және аудан әкімдігіне аналық алғысымды айтамын,-деді көпбалалы ана.
IMG-20230830-WA0017

Айта кету керек, облыс әкімі Нариман Төреғалиев осы көпбалалы Жамал Исполованың шаңырағында болып, алты бала тәрбиелеп отырған алтын құрсақты анаға су жаңа кір жуатын машинаны сыйға тартты.

IMG-20230830-WA0019

Жаңа пәтердің кілтін қолына ұстаған теректілік ағайынды құттықтағандардың қатарында аудан басшысы Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «Эврика» ЖШС  директоры Олег Тетера, Шаған ауылдық округі қоғамдық кеңесінің мүшесі Мұхамбетқали Бекжанов болды.

IMG-20230830-WA0020

IMG-20230830-WA0021
IMG-20230830-WA0012
IMG-20230830-WA0013
IMG-20230830-WA0010

Әділет Орынбасарұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале