Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Теректі ауданында да басталды.
Барлық сайлау учаскелері сағат 07:00- де өз жұмыстарын бастады. Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиевтің айтуынша, ауданда 1 аудандық, 12 округтік, 40 учаскелік сайлау комиссиясы бар.
Теректі ауылындағы N385 сайлау учаскесі де таңғы сағат 7:00-де ашылып, бақылаушылар мен сенімді өкілдер лезде өз жұмыстарына кірісті. Бұл сайлау учаскесінде 1218 адам өз таңдауын жасамақ. 4 адам үйден дауыс береді. Алғаш дауыс берушілер саны – 11 адам.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы