23.08.2024, 16:15
Оқылды: 158

Теректіде әдеби кеш өтті

Теректі ауданының спорт алаңында «Дархан даланың дана Абайы» атауымен әдеби сазды кеш өтті. Баршаға мәлім, 10 тамыз – ұлт руханиятының темір қазығы, ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні.

4F3D706C-3CD8-411D-AF4E-97102D96FDDB

Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтеді. Абай 170-тен астам өлеңмен 56 аударманың авторы. Оның қаламынан бірнеше поэма мен тағылымды қара сөздер туған. Абай аудармаларының арқасында әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ тілінде жарық көрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», - деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.

4C28F74E-1ABE-4D62-B919-F9B628CB10F8

Осы тұста теректіліктер де ұлы ақын күніне өз үндерін қосты. Кеш шымылдығы Дәурен Жұмағалиевтің орындауындағы «Айттым сәлем қаламқас» әнімен ашылып, аудан өнерпаздары ақын өлеңдерін оқып, жалғай кетті. Сағидолла Ізделеев «Желсіз түнде жарық ай», Кәмшат Қадырғалиева «Мен бір жұмбақ адаммын» әндерін шырқаса, Әлия Шин «Көзімнің қарасын» флейта аспабымен әсерлі жеткізді.

Кеш барысында көрерменге Абай Құнанбайұлының өмірінен сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендер сыйлық алды. Сондай-ақ Абай күніне орай сурет салу байқауының жүлдегерлері анықталды.

4266EA9F-8B48-4C11-B823-3D95AA7F75AE

Нәтижесінде 3 орынды Приречный ауылының тумасы Виктория Коржан місе тұтса, 2 орынды ақсуаттық Арсен Ғабдешев еншіледі. Теректілік Алан Сағыбаев жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табысталды.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале