Атом электр станциясы бой көтер ме, көтермей ме, оны сіз бен біз шешпекпіз. Осы сауал шеңберінде референдум өтіп жатқаны белгілі.
Подстепный ауылындағы №384 учаскесі жұмысын қызу түрде бастап, Ата заң аясында іске кірісті.
Сағат 8.30-дың шамасында таяғына сүйеніп келе жатқан әжейді көзіміз шалды. Ол әжей 78 жастағы Ұлзия Төлегенова екен. Ақжаулықты әжей бүтін елді дауыс беруге шақырды.
– Біздің жасымыз болса 80-ге таяп қалды ғой. Болашақ жастардың қолында. Олар ештеңеден тарықпай өмір сүрсе деймін. Мына мен сүйенген таяқ болса, болашақ бірлікке сүйенеді, - деді ол сөзінде.
Айта кетейік, аталған учаскеден 2 285 тұрғын дауыс береді.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы