26.12.2023, 17:55
Оқылды: 85

Теректіде әкім шыршасы өтті

Теректі аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі әкім шыршасы өтті. Оған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан және мүгедектігі бар 100-ге тарта бүлдіршін қатысты.

елка 4

«Қош келдің, Жаңа жыл» шарасына арнайы келге  аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова бүлдіршіндерге ақ жарма тілегін жолдады.

— Биыл толағай табыстарға толы жыл болды. Бүлдіршіндеріміз білім, спорт, мәдениет саласында жоғары жетістіктерге жетті. Алдымыздағы 2024 жылдан да үлкен үміт күтеміз. Ең бастысы, денсаулықтарыңыз мықты болсын. Болашақта оқуда озат болып, елге қызмет етіңіздер. Бақытты балалық шақ тілеймін, - деді аудан әкімі.

елка 2

Шырша жанына жиналған мультфильм кейіпкерлері - қуыршақ Лол, Хагги Вагги, аққала, ақ аю, барыс, қоян, ұлу мерекенің сәнін кіргізді. Әсем кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар балалармен би билеп, ойындар ойнап, көңіл көтерді.

елка1

Үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі мен «Өркен» вокалдық ансамблі өз өнерлерін паш етті.

елкаа5

Жаңа жылды шат көңілмен қарсы алған балалармен бірге аудан басшысы Әлия Биғазықызы, мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгелов шырша айнала ән айтты. Балаларға тәтті қоржындар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале