1.02.2024, 21:48
Оқылды: 95

Теректіде алаяқтықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Теректі аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өтті. Алаяқтықтың алдын алу, ғаламтор арбаушыларына алданбау мақсатында өткен жиынды Теректі АПб бастығы, полиция подполковнигі Кенжебек Рахметов пен Теректі АПб ААт аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Руслан Жексенов өткізді.

image-01-02-24-07-51-3

Қазіргі таңда алаяқтардың құрбандары күн санап артуда. Былтырғы жылы облыста 490 адам осы тізімге енген. Биылғы жылы бір айдың ішінде 40 дерек тіркелген.

Жиын барысында тұрғындарға арнайы бейнебаян көрсетіліп, ақпараттық қағаздар үлестірілді.

image-01-02-24-07-51-2

Алаяқтардан сақтану төңірегінде Кенжебек Әбушахманұлы баяндады.

image-01-02-24-07-51-1

- Бүгінгі таңда белгісіз нөмірден қоңырау шалып, банк картасынын санын сұрап, немесе толық аты-жөнін мен телефон нөмірі арқылы атыңыздан несие рәсімдеу түк те емес. Бір адамның атына бірнеше банктен несие алып, қарызға батырған жағдайларды күнделікті естіп жатырмыз. Заман дамып, адамдардың көзі ашылған сайын алаяқтардың қолына әлі де ақшаны оп-оңай ұстатып жіберіп жатыр.

Алаяқтардың арбауына түсетін зейнет жасындағы жандар мен жастар. Дегенмен ішкі істер саласы қызметкерлерінің өзі де тіркелген жағдайлар бар. Ауданымызда да осыған ұқсас қылмыс тіркелді.

Банк алданғанды кешірмейді, бәрібір сіз алмасаңыз да сол ақшаны өздеріңіз төлейсіздер. Сондықтан несие алуға алты ай тосқауыл қоюға болады. Оны ешқандай адам бұза алмайды,- деді өз сөзінде.

Теректі АПб ААт аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Руслан Мәлікұлы да алаяқтардан сақтандырды.

image-01-02-24-07-51

- Егер де сізге хабарласып, өзің банк қызметкерімін деп таныстырып, сіз жайлы ақпарат сұраса ешқандай ақпарат айтпаңыз. Арнайы банкке барып немесе қоңырау шалып анық-қанығына көз жеткізіңіз. Алаяқтыққа тап болған жағдайда арнайы «Кибер Пол» желісіне 92-16-06 номеріне немесе 102-ге хабарласыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! - деді ол.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале