Бүгін Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 тамыздағы №623 Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын теректілік аналарға табыстады.
Жанға жайлы қабылдауға жиналған аналардың қуанышында шек болмады. Покатилов ауылдық округінің тұрғыны Алтын Кудрявцева «Алтын алқа», подстепныйлық Үркия Айсағұлова, Жұлдыз Қожағалиева, Ақжайық ауылының тұрғыны Райхан Құрмашева, шағандық Жадыра Рахмешева мен Әсел Серекешова «Күміс алқа» алқаларын мойындарына тағып, құрмет көрсеткен Әлия Биғазықызына өз алғыстарын айтты.
Аудан басшысы қазақ елінің демографиясын көтеріп, елеулі үлес қосып жатқан көпбалалы аналарды қолдау жалғаса беретінін жеткізді.
–Бір шаңырақта көп сәбидің тәтті үні естілсе, тамаша емес пе? Осылайша көбейіп, сіздер тәрбиелеген бүгінгі бала ертеңгі елге қызмет ететін зиялы ұрпаққа айналса, тіпті қуаныш! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұны назарға алып, сіздердей аналардың елену керектігін жүктейді. Алтын мен күмістей жарқырап, ортада аман-есен жүре беріңіздер,- деді өз сөзінде.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы