6.10.2024, 11:08
Оқылды: 50

Теректіде Әмірхан мен Сырғалым таңдау жасауға үлес қосты

Теректіде ата-аналарымен бірге таңдау жасауға асыққан бүлдіршіндердің легі көңіл қуантады. Себебі, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Бүгін таңдау жасаудың маңыздылығын ұққан бүлдіршін болашақта өз пікірін қымсынбай айта алатын тұлғаға айналады.

IMG-20241006-WA0132

Теректі ауылы тұрғыны Альбина Дощанова №388 сайлау учаскесіне ұлы Әмірхан және қызы Сырғалыммен бірге келіп, өз дауысын берді.

– Бүгінгі күннің маңыздылығын отбасымызда ел Президенті референдум уақытын белгілеген сәттен бастап айтып келеміз. Ұлым Әмірхан таңмен таласа оянып, дауыс беруге өзі сұранды. Келгенше референдум турасында сауалын қойып, дауыс беру орнына қарай асықты. Бала күні ертең-ақ үлкен азамат болады. Сол кезде өмірде өз таңдауын жасауға бейім болса деймін. Менің бар мақсатым осы болды, - дейді Альбина Дощанова.

Әділет Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале