22.12.2024, 12:00
Оқылды: 14

Теректіде аңқатылықтарға жеке тұрғын үйлердің кілттері табысталды

Аңқаты ауылында ақ түйенің қарны жарылды. Нақтырақ айтсақ Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова екі пәтерлік жеке тұрғын үйдің кілттерін табыстады.

IMG_0661
Ашылу салтанатына "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, жеке кәсіпкер Мәрлен Әдешов және ауыл тұрғындары қатысты.

Олар аталмыш ауылдағы салтанатты іс-шарада көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, ағайынның өмірін жақсартуды көздейтін маңызды оқиғаның куәсі болды.

Айта кету керек, "Қазақстан 2050" стратегиясына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға сай Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатты жетілдірудегі күш-жігерін одан әрі дамыту мақсатында "Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау" жобасын іске асыруда барлық жағдай жасалынуда.

Бұл жай сөз емес. Жолда қалған жоба да емес. Айқын көрінісін Аңқаты ауылында көргендер сөзімізге дәлел болмақ.

Әлия Биғазықызы сөз сөйлеп, ауылдағы Бейбітшілік көшесі №12а мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің иелері Құлымбек Ахметов пен Әсел Кеңесованы жаңа баспаналарымен құттықтады.

IMG_0660

Құлымбек Өтешұлы өзінің 10 жылдан бері кезекте тұрып, бұл күнді көптен күткенін айтты. Жаңа тұрғын үй иесінің кеше туған күні болыпты. Дүние есігін ашқан күні баспана алатынын естіген оның қуанышында шек жоқ.

Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале